ТОО «Ескендир 07» Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің №14 негізгі орта мектебі" КММ
№14 негізгі орта мектебінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған жүйелі профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Білім алушылармен және ата-аналармен әңгімелесу және нұсқамалар өткізіліп, өрт болған жағдайда өзін-өзі ұстау ережелері, электр құрылғыларын қауіпсіз пайдалану және отпен ойнауға жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Ата-аналарға балаларды үнемі бақылауда ұстаудың, тұрмыстағы қауіпсіздік ережелерін сақтаудың және кәмелетке толмаған балаларды қараусыз қалдырмаудың маңыздылығы ескертілді. Балалардың қауіпсіздігі — мектеп пен отбасының ортақ жауапкершілігі! Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау өрттің алдын алуға және ең қымбат құндылық — балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектеседі.